1899 жылы 12 қаңтарда Қазақстан ғылымы мен мәдениетінде жетекші орынға ие болған адам - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді. Академиктің қызығушылық ауқымы ерекше кең болды және жаратылыстану ғылымдарынан асып түсті. ҚанышИмантайұлы бүгінгі күнге дейін еліміздің экономикалық жағдайымен дамуына әсер ететін Қазақстандағы ауқымдыжобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысты. 1956 жылы ҚанышСәтбаевең маңызды, ауқымды міндеттердіатап өтті: энергетикада - Ертіс, Қарағанды бассейні, Торғайойпатының ресурстарын игеру. Өнеркәсіпте-Соколов - Сарыбай тау-кен байыту комбинатының құрылысы. Академиктің пікірінше, Соколов, Сарбай, Қоржынкөл, Қашар кен орындарының қорларыөндірілетін АҚШ-тағы темір кені бассейнінің қорларынан әлдеқайда жоғары еді. Бұл оқиға 1949 жылдың маусым айының басында, Аят кен орнының мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамында Қаныш Имантайұлы Торғай даласына келген кезде болды. Оның ұсынысы бойынша, елдің металға деген үлкен қажеттілігін ескере отырып, комиссия қара металлургия министрлігіне жалпы қоры 10 млрд.тоннадан асатын аят қоңыр темір тастарын өндіруді, байытуды және домна пештерінде балқытуды ұйымдастыруды ұсынуға шешім қабылдады. Осы шешімді қабылдағаннан кейін тағы бір маңызды хабарлама келді: сол жылдың 12 маусымында, ұшқыш Сургутанов Соколов-Сарыбай темір рудасының аномалиясын ашқаннан тура 4 ай өткен соң, геологиялық барлаушылар жоғары сапалы ұсақ түйіршікті темір рудасының алғашқы өзегін көтерді. 1949 жылдан бастап Қаныш Имантайұлы Сәтбаев біздің өңірде бейресми басшы болды. Осы уақытта Рудныйдағы геологтар С.Д.Батищев - Тарасов, Д.Д.Топорков, И.А.Кочергин, А.Р.Ниязов және т.б. жемісті еңбек етті. Олардың күшімен Қостанай облысы Қазақстанның ірі темір кені базасына айналды. Олардың таңдаған ісіне деген шексіз адалдығында Қ. Сәтбаевтың еркі мен рухы әсер етті. Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, Лисаков қаласында «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Қаныш Сәтбаев – әлемге әйгілі ғалым» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Бұл іс шараға Рудный тарихи өлкетану музейінің әдіскері Аханова Аида Темірханқызы қатысты. Авторы: «Рудный тарихи өлкетану музейі» КММ әдіскері Аханова Аида Темірханқызы
2024 жылғы 21 қарашада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" КМҚК-да "Бала құқықтары" танымдық сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: баланың негізгі құқықтарымен, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудың моральдық-құқықтық нормаларымен танысу, балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Студенттер үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы конвенциясына сәйкес бала құқықтары туралы толық ақпарат дайындалды. Ойын түрінде, орыс халық ертегілерінің мысалында колледж оқушылары-болашақ педагогтар алған білімдерін бекітіп, балалық шақ әлеміне қуана-қуана еніп қайтты.
2024 жылғы 20 қарашада «Ардагерлер ұйымы» республикалыққоғамдық бірлестігінің Рудный қалалық филиалы Қостанай облысыәкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетанумузейі» КММ-мен бірлесіп, Қостанай облысы әкімдігі білімбасқармасының Рудный қаласының «Арнаулы әлеуметтікқызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де «ТuganQala» іс-шара жобасы аясында «Абай әлеміне саяхат» қалалықквестін өткізді. Мақсаты: қазақтың ұлы ойшылы және ағартушысыАбай Құнанбайұлының мұрасын сақтау және насихаттау, еліміздегіұлтаралық достық пен келісімді нығайту.
20.11.2024 ж. 2024 жылғы 20 қараша Рудный тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Халықпен келген келген дарындылық » атты портертті кеш өтті. Бұл іс-шараға «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасы ету» мамандығыынң 3 курс студентттері қатысты. Кеш барысында ұлы тұлғаның өмірімен қызметі, мақалалары мен еңбектері сөз еттілді. 2024 жылғы 18 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Ш.Уәлихановтың 190 жылдығын мерекелеуге арналған "Ұлы ғалымның ғылыми мұрасы" тарихқа экскурс өткізілді. Мақсаты: қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы - шығыстанушының өмірбаянымен таныстыру. Оқушылардың назарына тақырыптық экспозиция, викторина ұсынылды, оның негізін ұлы ғалымның фотосуреттері мен құжаттары құрады.
{spoiler «Тәуелсіздік символы - ұлттық тенге» атты уақытша көрмесі }
Ұлттық валюта күніне орай музейде "Тәуелсіздік символы - ұлттық тенге" атты уақытша көрмесі ашылды. Онда айналымға енгізілген сәттен бастап барлық жылдардағы ұлттық валюта ұсынылған. Экспонаттар елдің және оның ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуының негізгі мәдени, саяси және тарихи кезеңдерін қамтиды, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетеді.
«Өнеріміз саған, Қазақстан!»көркемөнерпаздар халық шығармашылығының ХХХVII облыстық байқау – фестивалі аясында «Горняк»МСО фойесінде «Шеберлік қырлары» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі жұмыс істеді. Көрмеге Рудный музей қорынан: киізден жасалған суреттер, былғарыдан, ағаштан, сүйектен, керамикадан және фарфордан жасалған бұйымдар қойылды. Сондай - ақ, халықтық қолданбалы өнерде металдан жасалған бұйымдар - қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары ерекше орын алады.
2024 жылғы 23 қазанда «Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК-де Рудный тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен «Менің Қазақстаным-менің болашағым» патриоттық сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты-отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандық мемлекеттіліктің мұрасын құрметтеу және Отан шекарасының егемендігі мен мызғымастығына құнды көзқарасты қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттер жоғарыда аталған тақырыпқа баяндама дайындады, викторина өткізілді, оның барысында колледж оқушылары қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап берді. 23 қазанда Рудный тарихи-өлкетану музейінде геолог, Пят ГРЭ бастығы, Ленин сыйлығының лауреаты Д. Д. Топорковтың (1904-1965) туғанына 120 жыл толуына орай «Сен ашқан Сарбай кені» атты уақытша көрмесі ашылды, онда Қостанай өңіріндегі Кеңестік геологияның негізін қалаушының өмірі мен еңбек қызметін баяндайтын құжаттар мен жеке архивтен алынған фотосуреттер ұсынылды. 2024 жылғы 21 қазанда «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ – де «Ревкомның бірінші төрағасы - В.Чекмарев» уақытша көрмесі ашылды. 1917 жылғы революцияға, қысқы сарайға шабуылының қатысушы, Торғай облысының азық-түлік жөніндегі төтенше комиссары, жергілікті маңызы бар жеке зейнеткер. Көрмеде Октябрь революциясы оқиғаларының хроникасы туралы, 1918 жылы Қостанай облысында Кеңес өкіметін қалпына келтіру үшін күрестің аты аңызға айналған қатысушысы – В. М. Чекмарев туралы баяндайтын құжаттар, фотосуреттер ұсынылған.
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты акция өткізді. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық акцияға Рудный қаласының белгілі азаматтары қатысты.
2024 жылдың 10 қазанында Рудный тарихи-өлкетану музейінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ХІХ қалалық "Әсемдікті меңзей жасаймыз!" әуесқой шығармашылық фестивалі аясында уақытша көрме ашылды. Көрмеде 140 - тан астам мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыстары ұсынылған, олардың 46-сы балалар. Экспозиция әртүрлі: көркемсурет, ағаш ою, кескіндеме, әртүрлі материалдардан тоқылған заттар, көркем және дәстүрлі кесте, квиллинг және т.б. Әр шығармада автордың даралығы көрсетілген. Көрме қорытындысы бойынша фестивальдің барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды. 2024 жылдың 26 қыркүйегінде "Рудный тарихи-өлкетану музейі" КММ-де Қазақстанда Халықаралық қарттар күнін мерекелеуге арналған "Сүйіспеншілікпен және құрметпен!» кеші өтті. Кешке Рудный музейінің бұрынғы қызметкерлері шақырылып, олардың құрметіне мерекелік шай отырысы ұйымдастырылды. Лайықты демалыста бола отырып, олар әлі де белсенді өмірлік ұстанымға ие, барлық білімдері мен тәжірибелерін жас ұрпаққа беруге дайын. Қонақтар алғыс сөздерін және ең жылы және шынайы лебіз, құттықтауларды қабылдады.
3 қыркүйекте «Рудный тарихи –өлкетану музейі» КММ-де құрылыста қайғылы қаза тапқан краншы Н.И.Любельдің (1939-1962) туғанына 85 жыл толуына орай «Мен өзім үшін басқа жол күткен емеспін» уақытша көрмесі ашылды. Наташа Любель барлық рудныйлықтарға танымал және сүйіктісі еді, Кеңес Одағындағы ең танымал «Жұмысшы» журналының кейіпкері болды. Ол туралы, оның басқа адамдардың өмірі үшін жасаған ерлігі туралы естелік мәңгілік болғай.
2024 жылғы 13 қыркүйекте «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ-де Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің «Ардагерлер өнері» уақытша көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына облыстық, Рудный қаласының қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келушілер қатысты.Витриналарда Қазақстандағы радиоспорттан халықаралық турнирлердің жалғыз жеңімпазы Г. Е. Глейзердің марапаттары ұсынылған. А.Бутузовтың «Біздің өміріміздің сәті» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шығармашылық жұмыстарының көрмесі әртүрлі техникада орындалған: кестелеу, бисер және шілтер тоқу, дәстүрлі көрпе тігу техникасындағы бұйымдар, ағашқа сурет салу, жүн мен құмнан жасалған суреттер. Көрменің әр экспонаты өзінің бірегейлігімен таң қалдырады.
2024 жылғы 13 қыркүйекте «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ-де «Боевая машина пехоты. Пока мы помним – мы живем!» жаңартылған ескерткіштің ашылуы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты - Ауғанстанда халықаралық борышын өтеу кезінде қаза тапқан қаламыздың сарбаздарын еске алу, оқиғаларға тарихи көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы Э.М.Муханов, Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С.Бексейітов, Рудный қ. «Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Н. Бурцев сөз сөйледі. Халықаралық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен құрметтеді, іс-шара ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Сонымен қатар іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, Д. М. Карбышев атындағы № 14 мектеп курсанттары, Рудный қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
2024 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де «Біздің терроризмсіз әлем» дәрісі өтті. Мақсаты: терроризмнің мәнін, оның түрлері мен мақсаттарын түсіндіру, өскелең ұрпақтың қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Балалар үшін терроризм туралы толық ақпарат дайындалды, ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес террористік әрекетке байланысты қылмыстар жасағаны үшін, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді, «Беслан құрбандарын еске алу күні» ролигі көрсетілді.
2024 жылғы 6 қыркүйекте А. Байтұрсынов атындағы № 19 ОМ мемлекеттік тілде оқытатын 10 сынып оқушылары үшін Рудный тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Біз - Қазақстан халқымыз!» атты музей сабағы өткізілді. Балалардың назарына «Тіл-ұлттың бастасы негізі» бейнеролигінің көрсетілімімен Қазақстан халқының ұлттық салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы материалдар ұсынылды. Іс-шара соңында қазақ халқының тарихи және мәдени өткені жайлы білімді тексеруге арналған «Кім жылдам?» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
2024 жылғы 05 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж балаларды қолдау орталығы" КММ-де "Шабадандағы музей" жылжымалы көрмесі өтті. Мақсаты: балалардың туған қаласы, оның мәдени және тарихи құндылықтары туралы білімдерін кеңейту. Балаларға ұсынылған экспонаттар туралы толық ақпарат дайындалды. Оқушыларды шынайы тарихи құндылықтармен таныстыру балалардың жеке басының қалыптасуына үлкен эмоционалды әсер етеді. 2024 жылғы 29 тамызда Рудный тарихи-өлкетану музейінде Социалистік Еңбек Ері Е.И. Веревочкиннің туғанына 90 жыл толуына орай «Экскаваторшының ерен еңбегі» атты уақытша көрмесі ашылды. Көрмеде мерейтой иесінің фотосуреттері, жеке құжаттары мен марапаттары ұсынылды.
2024 жылғы 2 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдады, онда Елбасы Қазақстанның алдағы кезеңге арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын, елдің одан әрі ілгерілемелі қозғалысының стратегиялық бағыттарын баяндады. Мемлекет басшысы бірлік пен келісім – біздің басты жетістігіміз екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың Жолдауы еліміздің және азаматтық қоғамның одан әрі дамуына маңызды ынталандыру болып табылады.
2024 жылдың 29 тамызында "Жас бөбек" ЖШС балабақшасында ҚР Конституциясы күніне арналған "Мен – Қазақстан азаматымын" атты құқықтық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты-балалардың Конституция туралы білімдерін кеңейту, "азамат" ұғымын қалыптастыру, Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау ұғымын дамыту. Балалар үшін Конституция, ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы толық ақпарат дайындалды, викторина өткізілді, онда балалар осы тақырып бойынша өздерінің эрудициясын ойын түрінде көрсете алды және алған білімдерін бекіте алды.
2024 жылдың 28 тамызында «Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де «Семей трагедиясы: қайғы мен қасірет» атты дәрісі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Жаһандық экологиялық проблемаларды түсінуге жәрдемдесу, бейбітшілік пен жердегі тіршілікті сақтау проблемасының адамгершілік аспектілерін атап көрсету. Тыңдаушылардың назарына полигонның құрылу, қалыптасу тарихы, оның экология мен халыққа әсері туралы материалдар ұсынылды. «Семей маңындағы ядролық полигон» ролигі көрсетілді. Қамту: 18 адам. Бүгін 2024 жылғы 21 тамызда Рудный тарихи-өлкетану музейі КММ-де «Мен және музей бір толқында» сэлфи-байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл байқаудың мақсаты - музей келушілерінің шығармашылық белсенділігін, музей экспозицияларына қызығушылығын ынталандыру, музейде бос уақытын өткізу формаларын кеңейту. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік "сэлфи" музей сайтында ұсынылған. 2024 жылдың 9 тамызында музей қызметкерлері ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, реформатор Абай Құнанбаевқа арналған «Абайға арналады....» атты онлайн дәрісі ұйымдастырды. Мақсаты: ұлы ақын мен ағартушының өмірі мен шығармашылығымен, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен таныстыру. 2024 жылдың 31 шілдесінде сағат 11.00-де Рудный тарихи-өлкетану музейінде И.Дьячковтың «Кәсібіңе адалдық» ескерткіш тақтасының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Рудный қ. әкімінің орынбасары С.Кокишев, Рудный қалалық мәслихатының төрағасы А.Искаков, И.Дьячковтың қызы Т.И. Дьячкова, музей ардагерлері, Рудный қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.. Іс-шара бағдарламасында И.И. Дьячковтың өмірі мен қызметімен таныстырған «Журналист, жазушы, өлкетанушы» презентациясы ұсынылды. Иван Дьячков - Рудный тарихи-өлкетану музейінің, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет Қайраткері» құрмет белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, өлкетанушы. И. Дьячков Рудный қаласы мен Қостанай облысының тарихы туралы 10 кітап шығарды. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында қала басшылығынан, ардагерлер ұйымынан, музей қызметкерлерінен, жазушының туған қызынан Иван Иванович туралы көптеген жылы сөздер айтылды. Барлық сөз сөйлеушілер И.Дьячковтың өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті. Фойеде «Тарихқа айналған тағдырлар» көрмесі жұмыс істеді. 2024 жылғы 26 шілдеде Рудный тарихи-өлкетану музейінде Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан интернационалист жауынгер А.В. Цепконың(1959-1980) туғанына 65 жыл толуына орай "Бүкіл Ауғанстан сіздің соңғы қадамыңызбен қатып қалды!" атты уақытша көрмесі ашылды. Мақсаты: әскери оқиғаларға қатысушыларға деген құрмет сезімін дамыту, өскелең ұрпақта патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу, парыз, ар-намыс, жауапкершілік, адамгершілік туралы түсінік қалыптастыру. Келушілердің назарына музей қорынан құжаттар мен фотоматериалдар ұсынылды.
2024 жылғы 19 шілдеде Рудный тарихи-өлкетану музейінің әдіскері А.Г. Кургузкин № 21 гимназия КММ – де «ССКӨБ» АҚ-ның 70 жылдығына арналған «Ұлы Сарбай мұрасы» тарихқа экскурс іс-шарасын өткізді. Гимназия мұғалімдері мен оқушылары кәсіпорынның құрылуы, қалыптасу және одан әрі даму тарихымен, ардагерлермен және еңбек қаһармандарымен танысты. Іс-шара барысында «Мінезінде - темір кең!» презентациясы көрсетілді. развития предприятия, с ветеранами и героями труда. В ходе мероприятия была продемонстрирована презентация «В характере – железная руда!». «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ қызметкері Рудный қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ - мен бірлесіп «Алексеев мәдени кешені - қола дәуірінің бірегей ескерткіші» викторинасын өткізді. Мақсаты: Рудный қаласының мәдени-тарихи мұрасы туралы білім көлемін кеңейту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қаланың естелік жерлеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Сұрақтардың мазмұны қатысушылардан күндерді, ұғымдарды білуді, тарихи дәуірлер арасында байланыс орнатуды, белгілі фактілерді белгісіздермен байланыстыруды талап етті. Белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды. 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Музейде «Астанам - арман қалам» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Қонақтар Қазақстанның астанасы Астана қаласы туралы білімдерін толықтырды, тарихы және сәулеті, көрікті жерлерімен танысты. «Аружан» студиясы жетекшісі Хасанова Асем Рашидовна өз шығармашылығымен қуантты: Төлегенова Мақпал, Нұрышбеков Абдулғанидің орындауындағы күйлер, әндер шырқалды. «От станицы к столице» атты көрмесі Астананың өткені мен бүгіні, елорданың дамуының әлеуметтік және мәдени аспектілері туралы материал ұсынды.
Ұлттық домбыра күніне орай орталық алаңның киіз үйінде «Қолөнер - тәрбие тамыры» көрмесі ұйымдастырылды. Келушілер дәстүрлі киіз үйдің құрылу тарихымен, заманауи шеберлердің тұрмыс заттарымен танысып, киіз үй элементтерінің киелі мағынасын біле алды. Жазушы, педагог С.Көбеевтің жеке заттары ерекше қызығушылық тудырды. Экспозицияда орталық орынды қазақ халқының ежелгі мұрасы - домбыра иеленді. «Түркі даласының ұлы ұстазы» - көрнекті ағартушы, «Диуани Хикмет» поэтикалық жинағының авторы, Исламдағы сопылық масхабтың негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидің (Әзірет Сұлтан/ Әулие Сұлтан) (1094-1166) 930 жылдығына арналған онлайн-дәріс.
2024 жылдың 5 маусымында Рудный музейінде Г.Н. Бардинаның жеке коллекциясынан «Қуыршақтар билік ететін сиқырлы әлем» уақытша көрмесі ашылды. Көрмеде Ресей, Германия, Үндістан, Чехия, Қытай, Италия, Түркия, Испания және Польшаның түкпір-түкпірінен коллекционер жинаған 100 ерекше қуыршақтар ұсынылған. Қуыршақтар даралығымен және өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді, олардың өзіндік тарихы және өзіндік ерекше бейнесі бар. Коллекцияның маңызды бөлігі – «Әлем халықтарының костюмдеріндегі қуыршақтар» сериясының «DeAgostini» қолдан жасалған фарфор қуыршақтары. Фарфордан жасалған миниатюралық әйелдер фигуралары әртүрлі халықтық костюмдер киген. Музейге келушілер бір халықтық костюмді екіншісінен ерекшелейтін түстердің бүкіл палитрасы мен жарқындығын көруге және бағалауға мүмкіндік алады. 2024 жылғы 4 маусымда Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясында Рудный тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" тақырыбында викторина ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру, құрмет пен ұқыптылыққа, отансүйгіштік пен өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2024 жылы 31 мамырда Рудный тарихи-өлкетану музейінде Қазақстандағы саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Асыл зерде» ғылыми танымдық іс шарасы өкізілді. «Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» студенттерінің назарына Қазақстанда қуғын-сүргіннің қалай өткендігі туралы материал ұсынылып, «Елім-ай», «Депортация» деректі фильмі көрсетілді.
Біздің көне жаңа жылымыз бақ-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын! Қызыр ата қолдасын!
Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік - гуманитарлық колледжінде кеңес одағының батыры, ҚР Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Батырлардың есімдері есімізде" атты дәріс болып өтті. Бұл дәрісте "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 1 курс студенттері қатысып өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып тұшымды жауап алды.
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1 курс студентеріне «Кейкі батыр кесенесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты: тыңдаушыларға Кейкі батыр ерлігін , өмір жолын, елінің азатығы үшін күрескер батырлығы мен қатар, батырға арнап салынған кесенесі жайында мәлімет беру болатын. Студенттер мен бірге бұл мақсатқа жеттік. #ГидПоКазахстану
2024 жылғы 17 мамырда Рудный тарихи-өлкетану музейінде Рудный қ. Құрметті азаматы, КСРО Денсаулық сақтау үздігі А.М.Жантеміровтың туғанына 85 жыл толуына орай «Адамдарға арналған өмір» еске алу кеші өтті
2024 жылы 9 мамырында Даңқ Обелискінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қаза тапқандарды еске алуға интернационалист-жауынгерлер, тәжік-ауған шекарасындағы қозғалыстар қатысушылары, әскери-патриоттық бірлестіктердің курсанттары келді. Рудный қаласы Рудный мәслихатының төрағасы А.Қ. Ысқақов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тілеуғабылов Ж.Т. алғыс сөз сөйледі. Митинг бір минут үнсіздікпен және мемориалға гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. 2024 жылғы 26 сәуірде Рудный тарихи-өлкетану музейінде Дүниежүзілік радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне және Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 38 жылдығына арналған «Чернобыль – трагедия , ерлік, ескерту» атты еске алу кеші өтті. Апатты жоюшы рудныйлықтар қатысты, олардың назарына апаттың өзі туралы, апат салдарын жою жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Іс-шара «Чернобыль. 1986 жылғы түсірілім» презентациясы және «ЧАЭС апатының салдарын жою», «Фукусима апатының салдары» бейнероликтерімен сюжеттік сүйемелденді. Іс-шара соңында ЧАЭС апатын жоюға қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді 2024 жылдың 26 сәуірінде Рудный тарихи-өлкетану музейінде «Шурави» Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері» ҚБ басшысы П.Н.Бурцевтің туғанына 65 жыл толуына орай «Сіз сол жалынды жолдарды ұмытпадыңыз» атты уақытша көрмесі ашылды. Келушілердің назарына музей қорынан интернационалист жауынгердің жауынгерлік өмірі мен бейбіт қызметін баяндайтын құжаттар мен фотоматериалдар ұсынылды.
2024 жылғы 25 сәуірде "Рудный тарихи-өлкетану музейі" КММ-де Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 38 жылдығына арналған «Чернобыль - ақиқат, Чернобыль - ауыртпашылық» атты уақытша көрмесі ашылды. Аталған іс-шараға біздің рудныйлықтар, апатты жоюға тікелей қатысушылар қатысты. Бұл іс – шараның басты мақсаты - Чернобыль атом электр станциясындағы экологиялық трагедияның маңыздылығын көрсету, сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру. #ГидПоКазахстану
Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік - гуманитарлық колледжінде кеңес одағының батыры, ҚР Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Батырлардың есімдері есімізде" атты дәріс болып өтті. Бұл дәрісте "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 1 курс студенттері қатысып өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып тұшымды жауап алды.
Біздің көне жаңа жылымыз бақ-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын! Қызыр ата қолдасын!
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1 курс студентеріне «Кейкі батыр кесенесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты: тыңдаушыларға Кейкі батыр ерлігін , өмір жолын, елінің азатығы үшін күрескер батырлығы мен қатар , батырға арнап салынған кесенесі жайында мәлімет беру болатын. Студенттер мен бірге бұл мақсатқа жеттік. #ГидПоКазахстану
Масленица-ең сүйікті мерекелердің бірі. Халық оны әзілдермен, ойындармен, билермен, жұдырықтасулармен және міндетті түрде құймақпен тойлайды. Рудный тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері халықтық мерекелерге белсенді қатысты. Рудный тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі тамшылар» атты көркемсурет көрмесі ашылды. Рудныйлық суретші Мартакова - Федорова Иринаның туындылары әртүрлі әдістер мен материалдардың үйлесімінде ұсынылған, мысалы: алла прима, жағынды немесе паста кескіндемесі. Суреттердің сюжеттік желісі әртүрлі және қызықты, мұнда: махаббат пен нәзіктік, гүл композицияларындағы түстердің жарықтығы мен контрастылығы, батылдық пен қозғалыс кескінделген. Түстердің жарқын палитрасы тіпті ең талапшыл келушіні де бей-жай қалдырмайды және барлығына көктемгі көңіл-күй сыйлайды.
#1наурыз #деньблагодарности #МынАлғыс
Рудный музейінде Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуының 70 жылдығына арналған көрме ашылды. Тыңшылық елдегі соғыстан кейінгі азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектескен және экономиканы дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік берген ерекше маңызды оқиға болды. Көрменің мақсаты: тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысушылардың Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қосқан үлесін көрсету. Көрмеде алғашқы тың игерушілердің қажырлы еңбегінің тарихи дәлелі болып табылатын материалдар ұсынылған. #ГидПоКазахстану
2024 жылғы 15 ақпанда «Горняк» МСО-да Рудный тарихи-өлкетану музейі мен «Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ қызметкерлері кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз» көрмесін ұсынды. Келушілердің назарына интернационалист жауынгерлердің марапаттау құжаттары, жеке заттары, нысанды киімдері мен жауынгерлік жарақтары ұсынылды. Көрменің орталық орнын мыналар: В.В.Ступниктің төсбелгісі, көк таспа және Рудный қаласының Құрметті азаматы куәлігі алды. Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Мектепке дейінгі білім беру мамандығының 1-курс студенттеріне «Жошы ұлысы-мемлекетіміздің негізі» атты тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс мақсаты Жошы ұлысының құрылуы мен даму тарихын және оның аумағын танып білу болды. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап ала алды. 2024 жылғы 12 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Рудный тарихи-өлкетану музейінде «Жас сарбаз», «Батыр», «Тұлпар» әскери-патриоттық клубтарымен бірлесіп «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі» атты ерлік сағаты өткізілді. Тыңдаушыларға Кеңес әскерлерін шығарудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды; «Шурави» қоғамдық бірлестігінің интернационалист-жауынгерлері Ауған жеріндегі қызметтері туралы, әскери ант пен борышқа адалдықтарын қалай сақтағандары туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар «Жаяу әскердің жауынгерлік машинасы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. #ГидПоКазахстану
Жаңа жыл 2024 жылдың бастау алысымен 23 қаңтар күні «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК қабырғасында «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының 3 курс студенттерімен «Халықтық дәстүрлер: жасасын және нығайсын!» тақырыбында кездесу дәрісі болып өтті. Бұл дәрістің мақсаты: қазақ халқының материалдық мәдениетін және қолданбалы өнерімен таныстыру болды. Кездесу барысында студенттердің қызығушылық пен қатысып сұрақ-жауаппен өрбіді. Онда құнды жәдігерлерді көріп, қолымен ұстап жасалу жолымен, тарихымен танысты. #ГидПоКазахстану «Раз в крещенский вечерок...» - осындай атаумен қарт адамдарға арналған интернат үйінде жиын өтті. Музей қызметкерлері ежелгі шомылу рәсімі мерекесінің тарихын айтып берді. Іс-шараға қатысушылар өздерін зұлым рухтардан қорғау үшін үйді, ауланы және қосалқы ғимараттарды қасиетті сумен шашыратқанын білді. Жыл бойы сау және бақытты болу үшін әр адам қасиетті суды ішуі керек. Барлығы бірге қарапайым сәуегейліктер өткізді. Мекеме тәлімгерлерінің орындауындағы халық әндері шырқалды. #ГидПоКазахстану «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз. https://m.egov.kz/survey ГУ «Управление культуры акимата Костанайской области» сообщает, что теперь государственную услугу «Выдача разрешения на установление мемориальных досок» можно получить онлайн, посредством портала электронного правительства. Для этого необходимо пройти по ссылке https://egov.kz/cms/ru/services/approval_documents/pass646-3_mks. По вопросам обращаться по телефону (7142)543-555 Қазір 66 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр
COVID-19
Статистика