"Рухани жаңғыру" бағдарламасының қабылдануымен мұражай жұмысы екінші тынысқа ие болды. Қазіргі уақытта ол дамудың жаңа кезеңіне өтіп, жұмыс пен экспозицияның жаңа формалары қолданылады.

Мұражай қызметі арқылы жастарды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу үшін жағдай жасау, өзінің кіші Отанының адамдары мен оқиғаларын зерделеу арқылы өткенді еске алуды сақтау мақсатында «Өткенге оралу» өлкетану жобасы іске асырылды.

Жоба жас ұрпаққа өңіріміздің тарихымен, этнографиясымен, материалдық мәдениетімен танысуға көмектесетін іс-шаралар жүйесі болып табылады. Тақырыптық әңгімелерден бастап көрме қызметіне дейінгі барлық іс-шаралар қызықты стандартты емес түрде өткізілді. Өлкетану бойынша іс-шараларды өткізудің интерактивті формалары туған өлке туралы барынша көп білім береді.

Қазақ халқының тарихы әр уақытта оның тарихында жарқын із қалдырған көрнекті тұлғалармен тығыз байланысты. «Қазақ жерін қорғаушылар» тарих сағаты Кейкі Көкенбайұлына арналды. Іс-шараның құрметті қонағы батырдың ұрпағы Қосжанов Сейітқали Дүйсентайұлы болды, ол батырдың өмірі мен халқының бостандығы үшін күресі туралы әңгімеледі. Мұражайға "Кейкі Батыр" кітабы мен "Кейкі Батыр" медалі сыйға тартылды.

Жастардың табысты адамдармен кездесуі ұрпақтар арасында байланыс орнатуға, жастар мен аға буынның құндылық бағдарларын жақындастыруға, рухани қасиеттерді: құрмет, мақсаттылық, жауапкершілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді. РИИ студенттері үшін «Өлке тарихының беттерін парақтай» өлкетану сағаты өткізілді. Бас кейіпкер Қазақ КСР еңбек сіңірген кеншісі, Рудный қаласының Құрметті азаматы, жазушы Қ.Дүйсенбаев болды. Ол "ССКӨБ" АҚ қала құраушы кәсіпорнының тарихы көрсетілген "Тағдыр тарихынан үзінділер", "Жырларым менің" атты жинақтарымен таныстырды.

"Еңбек адамын мадақтаймыз!" портрет кеші Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК студенттерін ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің кавалері Е.И.Шрейдермен таныстырды, іс-шара жастарды жұмысшы мамандықтарын белсенді меңгеруге, мақсат қоюға үйренуге және оларға шебер қол жеткізуге шақырды.

Мұражайдағы көрме - әрқашан оқиға. «Менің жерімнің өткен тағдыры» атты уақытша көрме еліміздің тарихы мен бүгінгі өміріне, өткен жылдардағы оқиғаларды еске алуға, жерлестері үшін мақтануға ықпал етті.

"Біздің жеріміз – ата - бабалар мұрасы" атты диалог алаңы "Оралмандарды қоғамға әлеуметтік кіріктіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" жобасы аясында ата-бабалардың мәдени мұрасын зерттеуге, отбасылық құндылықтарды насихаттауға ықпал етті. "Өмір-шығармашылық,

шығармашылық - өмір!" атты сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі Рудный қаласының репатрианттары жасаған тұрмыстық және шығармашылық заттарды ұсынды.

Жобаның маңызды бағыттарының бірі "Рудненский рабочий" газетіндегі "Өлкетану" айдары болып табылады, онда мұражай қызметкерлері оқырмандарды тарихи - мәдени құндылығы бар рухани және материалдық мәдениет заттарымен таныстырады. Айдар қалың оқырманға арналған, барлығы газет 50-ден астам мақала жариялады.

Мұражай қорларын цифрлау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Барлығы 8570 сақтау бірлігі цифрландырылды.

2019-2020 жылдары «Осы жерден Отаным басталады...» атты тарихи - өлкетану оқулары өткізілді.

 


«Ұлттық саз байрағы - домбыра фильм» 01.07.2021

 

 

ТРК РД 15.06.2021  АРЫСТАН БАБА, ХОДЖА АХМЕД ЯССАУИ

«Чокан Валиханов» 

«Қазақ халқының зергерлік бұйымдары» атты уақытша көрмесі 

Проект«Великие имена»
  

«Сакральные места РК»

 

Рубрика «Краведение»

    

«Даладағы ғажайып үй – киіз үй» зерттеу экскурсиясы 15.12.2020

«Қазақ елінің батырлары» уақытша көрмесі 03.12.2020

Дәріс-экскурсия«Қазақстанның сакралды жерлеріне саяхат» 19.11.2020

«Алтын Орда тарихындағы қыпшақтар»экскурс сабағы 26.10.2020

Қазақстан Республикасындағы Отбасы күніне арналған "Қазақ отбасындағы салт-дәстүрлер" дәрісі 15.09.2020

«Мир музыкальных инструментов» 11.08.2020

«Абай Кунанбаев» 11.08.2020

Көрнекті қазақ философы және ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Рудный тарихи-өлкетану мұражайында осы атаулы күнге арналған «Философ және ойшыл» онлайн-дәрісі оқылды. Тыңдаушылардың назарына Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды, оның әдеби еңбектерінде көрініс тапқан философиялық ілімінің негізгі ережелері туралы айтылды,.

«Құрақ - өнер құралы ретінде» шеберлік сабағы 19.06.2020

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы халық дәстүрлерін жаңғырту және сақтау, сондай-ақ мұраға ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында Рудный тарихи-өлкетану мұражайында «Құрақ – өнер құралы ретінде» атты шеберлік сабағы өтті. Бүгінгі таңда құрақ тігу өзінің жаңа болмысын табуда, біздің шеберлік сабақ халықтың мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.

 

«Әбу Насыр әл-Фараби - Шығыстың көрнекті ойшылы»

2020 жылдың 12 ақпанында Рудный тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Ж.Р. Үмбетова «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлемге әйгілі ғалым-энциклопедист, философ, математик, физик, лингвист, музыкант Әл-Фарабиге арналған «Әбу Насыр Әл – Фараби - Шығыстың көрнекті ойшылы» атты портрет-кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты ұлы ойшылдың мұрасымен таныстыру, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағалау, оның шығармашылығының әртүрлі мәдениеттерді жақындастырудағы маңыздылығын көрсету. Өткенді зерттеудің маңыздылығын, уақыттың байланысын атап өту; бүгінгі ұрпаққа үлгі болып табылатын Әл –Фарабидің рухани мұрасын жастар арасында насихаттау.

Іс-шара презентациямен сүйемелденді, қатысушыларға «Әл – Фараби - өркениет философы» деректі фильмі көрсетілді.

Іс-шара «Сұрақ-жауап» ойынымен аяқталды.

Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Свято-Никольский храм 
  

«Құрақ - өнер құралы ретінде» шеберлік сабағы 

Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледж студенттері үшін Рудный тарихи-өлкетану мұражайында сәндік - қолданбалы өнер саласындағы халықтық дәстүрлерді жаңғырту және сақтау және мәдени мұраға ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Құрақ – өнер құралы» атты шеберлік сабағы өткізді. Құрақ тігудің құпиясы, құрақ-көрпе мағынасын қолөнерші Шәмсия Ғазезбекқызы айтып берді.

Шеберлік сабағы қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді, патриотизм сезімін тәрбиелеуге және адам еңбегіне үлкен құрмет көрсетуге ықпал етті.

 

 

 

 

{/spoiler}

Joomla Plugins