Жыл сайын Рудный мұражайында «Адам сыйы кәріптастан да қымбат» акциясы өтеді. Мұражайымыздың қор коллекцияларының едәуір бөлігі мұражайға заттарын тегін сыйға тартқан адамдардың арқасында жиналды: отбасылық жәдігерлер, құжаттар, фотосуреттер және олардың отбасы, мектеп, кәсіпорны және туған жер тарихымен байланысты заттар. Біздің тұрақты «сыйға тартушылар» арасында: Марченко Л.Ф., Пастухов Л.Т., Байдаков С., Латохина М.В., Зотов В.И., Гинзбург Т.В., Лучшева-Матвеева Е.Е. , Труханов О., Масюк Л.П., Климович Л.И., Познякова В.П., Проскурина Л.Б., Кокарева А.Г., Попов И.П., Ивашкова А.А.
Қарасу кентінің тұрғыны Олег Труханов мұражай қорына қазба жұмыстары кезінде табылған қола дәуіріндегі археологиялық олжалардың (тиындар, ұштар, жебелер) жиынтығын сыйға тартты. Сергей Байдаков – Рудный қаласының тұрғыны, ай сайын мұражай қорын кеңес кезеңінің тарихи заттарымен толықтырады: ыдыс-аяқ, балалар ойыншықтары, ғылыми кітаптар мен журналдар, кәдесыйлар, ашық хаттар және басқа да тұрмыстық заттар. Тұрақты сыйға тартушы - Марченко Любовь Федоровна, ол қор коллекциясын кеңестік дәуірдегі заттармен толықтырды: шырша ойыншықтары, әйелдер әшекейлері (моншақтар, танамоншақтар), сөмкелер, ыдыс-аяқтар (фарфор, керамика, хохлома суреттері бар), кәдесыйлар, ойыншықтар, ас үй ыдыстары. А.Г.Кокарева мұражайға 27 дана көлемінде қолдан жасалған фарфор қуыршақтар жинағын сыйға тартты. И.П.Попов монеталар жинағын сыйға тартты. Рудный суретшісі И.В.Ивашковтың картиналарын (саны 7 дана) А.А.Ивашков сыйға тартты. В.П.Позднякова Н.Г.Вегеринаның құжаттары мен марапаттарын сыйға тартты. Л.Т.Пастухов – "ССКӨБ" АҚ бұрынғы қызметкері, қазіргі зейнеткер. Кезінде суретке түсіру және фотосуреттерді шығарумен әуестенген. Мұражай қорына фотоаппараттар жиынтығын тапсырды: бірнеше фотоаппараттар, олардың ішінде – сирек кездесетін үлгілер, екі фотоүлкейткіш, кадрлайтын жиектеме, фиксаторлар, фотопленканы диапозитивтерге кесуге арналған құрылғы.
Осындай адамдардың арқасында мұражай қорлары жылдан-жылға қорлардың, экспозициялар мен көрмелердің негізін құрайтын жаңа экспонаттармен толықтырылып отырады.