«Қылықты құстар және басқа құстар» көрмесінің миссиясы білім беру болып табылады және мазмұны қыстайтын құстар әлемінің таңғажайып әртүрлілігіне сәйкес келеді. Көрмеге мұражайдың қор коллекциясынан біздің өңірдің қыстайтын құстары ұсынылған. Көбінесе біз бұл кішкентай құстарды байқамаймыз, бірақ олармен жақынырақ танысқаннан кейін біз олардың көптеген пайдалы істер жасайтындығын түсінеміз.
2020 жылдың 25 желтоқсанында Рудный тарихи-өлкетану мұражайында келушілер назарына «Жаңа жылдық ойыншықтың кереметі» атты уақытша көрмесі ұсынылды. 1940-1990 жылдардағы жаңа жылдық ойыншықтар мен ашықхаттар көпшілік назарына қойылды, сонымен қатар КСРО-да жаңа жылды тойлау тарихы туралы материалдар ұсынылды.
Қазақтың ежелгі баспанасы киіз үй көшпелі өмірге бейімделген жайлы түсінік алып, оның құрлысы мен әр бөлігін ажырата алу. Қазақ халқы киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптейді, өйткені ол – халқымыздың мыңдаған жылғы баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерліктері туралы ақпараттандыру арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық, құрмет, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, ел мен жерін жат-жұрттықтардан қорғаған ержүрек ата-бабаларымыздың есімдері халқымен қайта қауышып,ерлік істері ұрпақ жадында қайта жаңғырды.
Есімі мен ерлігі ел аузында аңызға айналған тағдыры күрделі дара тұлға Кейкі батыр бабамыз тұралы мәлімет.
Қазақстанның қасиетті объектілерімен танысу, халықтық дәстүр мен мерекелерді популилизациялау. Қазақстан ашық аспан астындағы өзіндік музейі болып табылады. Қорғандар, мешіттер, ғибадатханалар, батырлардың жерленген орындары, тас идолдар, ортағасырлық қалалардың кендері – осының барлығы біздің мемлекетіміздің тарихы. Бұл қасиетті орындар адамдарды біріктіріп, біздің ортақ отанымыздың, ортақ тарихымыздың символы.
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге күніне орай Рудный тарихи-өлкетану мұражайы "Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге" атты онлайн көрмесін ұйымдастырды. Онлайн көрмеде тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ақшасын көруге, тиын мен теңгенің алғашқы үлгілері қандай болғанын еске түсіруге болады.
2020 жылғы 8 қазанда Ұлы Отан соғысының ардагері Екібаев Ілияс Аманұлы өзінің 95 жылдығын атап өтті. Ол 1943 жылдан бастап майданда. Орел-Курск доғасындағы шайқастың қатысушысы, Днепрді басып өтіп, Белгород пен Орел қалаларын азат етті. Польша астанасы - Варшава қаласын азат етуге қатысты. Фашистік Германия астанасы – Берлин қаласына шабуылдың қатысушысы. Сол айтулы оқиғаға «Шайқастармен Берлинге дейін жетті!» уақытша көрмесі орайластырылды, онда келушілер назарына 54-ші Белорус және I Украин майдандары ефрейторы Ілияс Аманұлы Екібаевтың жауынгерлік жолы туралы баяндайтын экспонаттар ұсынылды.
Кеңес дәуірі әлдеқашан аяқталған, бірақ ол үшін ностальгия көптеген адамдарды, әсіресе балалық шағы мен жастығы КСРО-да өткен адамдарды жай қалдырмайды. Біз фильмдерді, аула ойындарын, мамыр айындағы демонстрацияларды есімізге түсіреміз. Бала кезіндегі суреттер иістерді де жандандырады. Дәл осындай ностальгиялық нотамен Рудный қаласы мұражайында «КСРО-да жасалған» көрмесі ашылды. Көрмеге кітаптар, күнтізбелер, зергерлік бұйымдар, косметика, парфюмерия және де көптеген ыдыс-аяқтар қойылды.
Рудный мұражайында Наталья Шокованың «Шайырдың ерекше әлемі» атты жеке көрмесі ашылды. Барлық бұйымдар эпоксидті шайырдан жасалған. Эпоксидті шайыр - бірегей өнімдерді жасауға болатын ең қызықты материалдардың бірі. Біздің көрме шайырдың ерекше әлемін, оның беріктігі мен төзімдігін, сондай-ақ шебердің алтын қолында қандай әдемі және ерекше болатынын көрсетті.
Қазақ отбасындағы салт – дәстүрлермен таныстыру. Өз отбасында бақытты бола білген жан ғана шын мәнінде бақытты адам». Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы.
Рудный тарихи-өлкетану мұражайында Отбасы күніне арналған «Мұражай қорындағы отбасылық жәдігерлер» атты уақытша көрмесі ашылды. Онда бір кездері адамдар немесе бір отбасы ерекше құрметтеп, оларды ұрпақтан ұрпаққа беруге тырысқан жәдігерлер қойылды. Осылайша, ұрпақтар көптеген жылдар бойы өз отбасының өткені жайлы естеліктерді сақтаған.
2020 жылғы 14 тамызда Рудный тарихи-өлкетану мұражайында Рудный қаласы күніне арналған онлайн режимінде көрсетілетін «Саған, менің қалам - шеберлік пен шабыт» көрмесі ашылды. Көрмеге музей қорындағы түрлі жанрдағы және орындау техникасындағы рудныйлық қолөнер шеберлерімен жасалған жәдігерлер қойылды. Экспонаттар көрерменді әзірленген шеберлігімен, өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады, қуаныш пен таңданыс сезімін сыйлайды!
Көрнекті қазақ философы және ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Рудный тарихи-өлкетану мұражайында осы атаулы күнге арналған «Философ және ойшыл» онлайн-дәрісі оқылды. Тыңдаушылардың назарына Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды, оның әдеби еңбектерінде көрініс тапқан философиялық ілімінің негізгі ережелері туралы айтылды,.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы халық дәстүрлерін жаңғырту және сақтау, сондай-ақ мұраға ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында Рудный тарихи-өлкетану мұражайында «Құрақ – өнер құралы ретінде» атты шеберлік сабағы өтті. Бүгінгі таңда құрақ тігу өзінің жаңа болмысын табуда, біздің шеберлік сабақ халықтың мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Рудный музейінде «Киіз поэзиясы» көрмесі ашылды. Экспозицияға Саратовцева Наталья Николаевнаның жетекшілігімен балалар мен жастардың даму және шығармашылық сарайының «Колорит» бейнелеу студиясынан дарынды балалар қолымен жасалған панноның 11 суреті ұсынылды. Киізден жасалған бұйымдар әрбір адам үшін рухы жағынан өте жақын, ол қазақтардың мәдени құндылықтарын айқын көрсетеді, халыққа өзінің түп-тамырын еске салып, халқымыздың тұтас дәуірін бейнелейді.
Абай Кунанбаев 09.06.2020
Аль Фараби 09.06.2020
«Қуыршақтар басқаратын сиқырлы әлем» уақытша көрмесінде КСРО мен ТМД елдерінің әртүрлі ұлттарының қуыршақтар коллекциясы ұсынылды. Көрме көрермендерді ұсынылған бейнелердің сан алуандығымен, орындаудың жоғары сапасымен және тұжырымдаманы іске асырудағы шығармашылық тәсілдемесімен таң қалдырды.
Рудный тарихи-өлкетану мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Естеліктің күміс байланысы» көрмесі ашылды. 31 мамыр - сталиндік режим дәуірінде жазықсыз қаза тапқан зиялы қауым өкілдерін, олардың әйелдері мен балаларын еске алу күні. Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – Алжир, Степлаг, Карлаг болды. Республика іс жүзінде бір үлкен түрмеге айналды.
«Жүректегі сандар» уақытша көрмесінде қуғын-сүргінге ұшыраған отбасыларға тиесілі түпнұсқа құжаттар, фотосуреттер ұсынылды. Осы заттардың барлығын бір кездері қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мұражайға тартқан.
Дәріс «Қазақстанның сакралды жерлеріне саяхат»
Қазақстанның қасиетті объектілерімен танысу, халықтық дәстүр мен мерекелерді популилизациялау. Қазақстан ашық аспан астындағы өзіндік музейі болып табылады. Қорғандар, мешіттер, ғибадатханалар, батырлардың жерленген орындары, тас идолдар, ортағасырлық қалалардың кендері – осының барлығы біздің мемлекетіміздің тарихы. Бұл қасиетті орындар адамдарды біріктіріп, біздің ортақ отанымыздың, ортақ тарихымыздың символы.
Ұлы Отан соғысы біздің еліміз үшін ең қиын сынақ болды. Ол адамдардың жадында өшпес із қалдырды. Қорқынышты соғыс бірде-бір отбасын айналып өтпеді. Әрбір отбасында бейбітшілік үшін өз өмірін қиғандар, майданда батыл шайқасқандар, тылдағы өмірді қолдағандар, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің тәуелсіздігімізді қорғап жүрген жандар туралы естелік сақталады. Болашақ ұрпақ біздің арғы аталарымыздың ерліктерін еске алып, құрметтеуі біздің қолымызда. Ұлы Отан соғысы туралы мұражай экспонаттары ұрпақтар жадының сақтаушылары болып табылады. Мұражайда «Соғыс сәттері мұражай жадында» көрмесі ашылды, онда белгішелер, ашықхаттар, әскери заттар, шайқастарға қатысушылардың хаттары ұсынылды.
2020 жылдың 03 маусымында Рудный тарихи-өлкетану мұражайының әдіскерлері «№ 5 сәбилер бақшасы» тәрбиеленушілеріне таза ауада «Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, тұған ел деп соғады жүрегіміз!"музей сабағын өткізді. Балалар Елтаңба мен Тудың пайда болу тарихымен танысты; әр элементтің нені білдіретінін білді. «Құрметті рәміздер» интеллектуалды эстафетасына қуана қатысты. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – халықтың рухани бағдары» атты жылжымалы көрмесі ерекше қызығушылық тудырды. Көрме материалдары біздің еліміз тәуелсіздік жылдарында өткен тарихи жолды көрсетті. Мұражай сабағы балалардың өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға және дамытуға, мемлекеттік рәміздер бойынша білімдерін жинақтау мен тереңдетуге ықпал етті. Қатысқандар саны 20 адам.
2020 жылдың 12 наурызында Рудный тарихи-өлкетану мұражайында музыкалық аспаптардың қалыптасуы мен даму тарихына және олардың біздің өміріміздегі рөліне арналған «Музыкалық аспаптар әлемі» көрмесі ашылды. Көрме мұражайдың қор коллекциясы негізінде құрылған, онда дәстүрлі аспаптар: үрмелі, ішекті және тартпалы аспаптар ұсынылған. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекше дыбысы, таңғажайып сұлулығы бар. Көрменің арқасында келушілер музыкалық аспаптардың пайда болу және даму тарихымен танысты.
2020 жылдың 12 ақпанында Рудный тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Ж.Р. Үмбетова «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлемге әйгілі ғалым-энциклопедист, философ, математик, физик, лингвист, музыкант Әл-Фарабиге арналған «Әбу Насыр Әл – Фараби - Шығыстың көрнекті ойшылы» атты портрет-кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты ұлы ойшылдың мұрасымен таныстыру, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағалау, оның шығармашылығының әртүрлі мәдениеттерді жақындастырудағы маңыздылығын көрсету. Өткенді зерттеудің маңыздылығын, уақыттың байланысын атап өту; бүгінгі ұрпаққа үлгі болып табылатын Әл –Фарабидің рухани мұрасын жастар арасында насихаттау.
Іс-шара презентациямен сүйемелденді, қатысушыларға «Әл – Фараби - өркениет философы» деректі фильмі көрсетілді.
Іс-шара «Сұрақ-жауап» ойынымен аяқталды.
Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
2020 жылдың 5 ақпанында Рудный тарихи-өлкетану музейінде талантты әнші және композитор, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Қайрат Нұрғазинге арналған "Жырлайды жүрек" көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, оның әндерін "Сұңқар тобы", Сәкен Майғазиев және басқа да танымал орындаушылар орындайды. Оның музыкасы Рудный қаласының нағыз символы мен Әнұранына айналды. Құрметті қонақтар: ақындар Ғарифулла Ахметжанов, Күнжан Өмірбекқызы, әнші Арыстан Құрманов, бірлескен әндерінің авторы Арман Хасен сөз сөйледі. Көрмеде композитордың жеке заттары, дипломдары, қолжазбалары, музыкалық аспаптары ұсынылды. Іс-шара соңында «Жадыра» қазақ әнінің халық хоры жарқын өнер көрсетті.
{/spoiler}
Joomla Plugins
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
https://m.egov.kz/survey
COVID-19
ГУ «Управление культуры акимата Костанайской области» сообщает,
что теперь государственную услугу
«Выдача разрешения на установление мемориальных досок»
можно получить онлайн, посредством портала электронного правительства.
Для этого необходимо пройти по ссылке https://egov.kz/cms/ru/services/approval_documents/pass646-3_mks.
По вопросам обращаться по телефону (7142)543-555
Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр
Статистика
- Қолданушылар
- 1
- Материалдар
- 42
- Материалды қарау саны
- 122069