«Алексеев мәдени кешені - қола дәуірінің ескерткіші» ақпараттық сағаты 21.01.2021

 

«Қылықты құстар және басқа құстар» 31.12.2020

«Қылықты құстар және басқа құстар» көрмесінің миссиясы білім беру болып табылады және мазмұны қыстайтын құстар әлемінің таңғажайып әртүрлілігіне сәйкес келеді. Көрмеге мұражайдың қор коллекциясынан біздің өңірдің қыстайтын құстары ұсынылған. Көбінесе біз бұл кішкентай құстарды байқамаймыз, бірақ олармен жақынырақ танысқаннан кейін біз олардың көптеген пайдалы істер жасайтындығын түсінеміз.

«Жаңа жылдық ойыншықтың кереметі» 25.12.2020

2020 жылдың 25 желтоқсанында Рудный тарихи-өлкетану мұражайында келушілер назарына «Жаңа жылдық ойыншықтың кереметі» атты уақытша көрмесі ұсынылды. 1940-1990 жылдардағы жаңа жылдық ойыншықтар мен ашықхаттар көпшілік назарына қойылды, сонымен қатар КСРО-да жаңа жылды тойлау тарихы туралы материалдар ұсынылды.

Зерттеу экскурсиясы «Даладағы ғажайып үй – киіз үй» 15.12.2020

Қазақтың ежелгі баспанасы киіз үй көшпелі өмірге бейімделген жайлы түсінік алып, оның құрлысы мен әр бөлігін ажырата алу. Қазақ халқы киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптейді, өйткені ол – халқымыздың мыңдаған жылғы баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз.

«Қазақ елінің батырлары» уақытша көрмесі 03.12.2020

Отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерліктері туралы ақпараттандыру арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық, құрмет, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Еліміз тәуелсіздік  алғаннан кейін, ел мен жерін жат-жұрттықтардан қорғаған ержүрек ата-бабаларымыздың есімдері халқымен қайта қауышып,ерлік істері ұрпақ жадында қайта жаңғырды.

Есімі мен ерлігі ел аузында аңызға айналған тағдыры күрделі  дара тұлға Кейкі батыр бабамыз тұралы мәлімет.

«Лекция «Роль Первого Президента Н.Назарбаева в развитии г.Рудного и АО « ССГПО»» 30.11.2020

Дәріс-экскурсия«Қазақстанның сакралды жерлеріне саяхат» 19.11.2020

Қазақстанның қасиетті объектілерімен танысу, халықтық дәстүр мен        мерекелерді  популилизациялау. Қазақстан ашық аспан астындағы өзіндік музейі болып табылады. Қорғандар, мешіттер, ғибадатханалар, батырлардың жерленген орындары, тас идолдар, ортағасырлық қалалардың кендері – осының барлығы біздің мемлекетіміздің тарихы. Бұл қасиетті орындар адамдарды біріктіріп, біздің ортақ отанымыздың, ортақ тарихымыздың символы.

"Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге" 12.10.2020

Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге күніне орай Рудный тарихи-өлкетану мұражайы "Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге" атты онлайн көрмесін ұйымдастырды. Онлайн көрмеде тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ақшасын көруге, тиын мен теңгенің алғашқы үлгілері қандай болғанын еске түсіруге болады.

«Қыпшақтар Алтын Орда тарихында» 26.10.2020

«Алтын Орда тарихындағы қыпшақтар»экскурс сабағы 26.10.2020

«Шайқаспен Берлинге дейін жетті!» 09.10.2020

2020 жылғы 8 қазанда Ұлы Отан соғысының ардагері Екібаев Ілияс Аманұлы өзінің 95 жылдығын атап өтті. Ол 1943 жылдан бастап майданда. Орел-Курск доғасындағы шайқастың қатысушысы, Днепрді басып өтіп, Белгород пен Орел қалаларын азат етті. Польша астанасы - Варшава қаласын азат етуге қатысты. Фашистік Германия астанасы – Берлин қаласына шабуылдың қатысушысы. Сол айтулы оқиғаға «Шайқастармен Берлинге дейін жетті!» уақытша көрмесі орайластырылды, онда келушілер назарына 54-ші Белорус және I Украин майдандары ефрейторы Ілияс Аманұлы Екібаевтың жауынгерлік жолы туралы баяндайтын экспонаттар ұсынылды.

«КСРО-да жасалған» 01.10.2020

Кеңес дәуірі әлдеқашан аяқталған, бірақ ол үшін ностальгия көптеген адамдарды, әсіресе балалық шағы мен жастығы КСРО-да өткен адамдарды жай қалдырмайды. Біз фильмдерді, аула ойындарын, мамыр айындағы демонстрацияларды есімізге түсіреміз. Бала кезіндегі суреттер иістерді де жандандырады. Дәл осындай ностальгиялық нотамен Рудный қаласы мұражайында «КСРО-да жасалған» көрмесі ашылды.  Көрмеге кітаптар, күнтізбелер, зергерлік бұйымдар, косметика, парфюмерия және де көптеген ыдыс-аяқтар қойылды.

Шокованың Н. «Шайырдың ерекше әлемі» атты жеке көрмесі 23.09.2020

Рудный мұражайында Наталья Шокованың «Шайырдың ерекше әлемі» атты жеке көрмесі ашылды. Барлық бұйымдар эпоксидті шайырдан жасалған. Эпоксидті шайыр - бірегей өнімдерді жасауға болатын ең қызықты материалдардың бірі. Біздің көрме шайырдың ерекше әлемін, оның беріктігі мен төзімдігін, сондай-ақ шебердің алтын қолында қандай әдемі және ерекше болатынын көрсетті.

 

«Как получить разрешение на установление мемориальных досок»

Дәріс «Қазақ отбасындағы салт дәстүрлер» 15.09.2020

Қазақ отбасындағы салт – дәстүрлермен таныстыру. Өз отбасында бақытты бола білген жан  ғана шын мәнінде бақытты адам». Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы.

«Мұражай қорындағы отбасылық жәдігерлер» көрмесі 11.09.2020

Рудный тарихи-өлкетану мұражайында Отбасы күніне арналған «Мұражай қорындағы отбасылық жәдігерлер» атты уақытша көрмесі ашылды. Онда бір кездері адамдар немесе бір отбасы ерекше құрметтеп, оларды ұрпақтан ұрпаққа беруге тырысқан жәдігерлер қойылды. Осылайша, ұрпақтар көптеген жылдар бойы өз отбасының өткені жайлы естеліктерді сақтаған.

«ТРК РД АМАНГЕЛЬДЫ» 09.09.2020

«ТРК РД БАЙСАРЫ САМЫРАТУЛЫ» 07.09.2020

«ТРК РД УМБЕТЕЙ БАТЫР» 02.09.2020

«С днём рождения любимый город!»  24.08.2020

«Саған, менің қалам - шеберлік пен шабыт» көрмесі  15.08.2020

2020 жылғы 14 тамызда Рудный тарихи-өлкетану мұражайында Рудный қаласы күніне арналған онлайн режимінде көрсетілетін «Саған, менің қалам - шеберлік пен шабыт» көрмесі ашылды. Көрмеге музей қорындағы түрлі жанрдағы және орындау техникасындағы рудныйлық қолөнер шеберлерімен жасалған жәдігерлер қойылды. Экспонаттар көрерменді әзірленген шеберлігімен, өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады, қуаныш пен таңданыс сезімін сыйлайды!

 

«Музыкалық аспаптар әлемі» 11.08.2020

Абай Құнанбаев 11.08.2020

Көрнекті қазақ философы және ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Рудный тарихи-өлкетану мұражайында осы атаулы күнге арналған «Философ және ойшыл» онлайн-дәрісі оқылды. Тыңдаушылардың назарына Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды, оның әдеби еңбектерінде көрініс тапқан философиялық ілімінің негізгі ережелері туралы айтылды,.

 

«Улыбочку, не двигайтесь...фото готово!» 17.07.2020

 

«Құрақ - өнер құралы ретінде» шеберлік сабағы 19.06.2020

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы халық дәстүрлерін жаңғырту және сақтау, сондай-ақ мұраға ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында Рудный тарихи-өлкетану мұражайында «Құрақ – өнер құралы ретінде» атты шеберлік сабағы өтті. Бүгінгі таңда құрақ тігу өзінің жаңа болмысын табуда, біздің шеберлік сабақ халықтың мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.

«Киіз поэзиясы» көрмесі 11.06.2020

Рудный музейінде «Киіз поэзиясы» көрмесі ашылды. Экспозицияға Саратовцева Наталья Николаевнаның жетекшілігімен балалар мен жастардың даму және шығармашылық сарайының «Колорит» бейнелеу студиясынан дарынды балалар қолымен жасалған панноның 11 суреті ұсынылды.  Киізден жасалған бұйымдар әрбір адам үшін рухы жағынан өте жақын, ол қазақтардың мәдени құндылықтарын айқын көрсетеді, халыққа өзінің түп-тамырын еске салып, халқымыздың тұтас дәуірін бейнелейді.

«Ұлы есімдер қайталанады» дәрісі 09.06.2020

Абай Кунанбаев 09.06.2020

Аль Фараби 09.06.2020

«Қуыршақтар басқаратын сиқырлы әлем» көрмесі

«Қуыршақтар басқаратын сиқырлы әлем» уақытша көрмесінде КСРО мен ТМД елдерінің әртүрлі ұлттарының қуыршақтар коллекциясы ұсынылды. Көрме көрермендерді ұсынылған бейнелердің сан алуандығымен, орындаудың жоғары сапасымен және тұжырымдаманы іске асырудағы шығармашылық тәсілдемесімен таң қалдырды.

«Естеліктің күміс байланысы» көрмесі 04.06.2020

Рудный тарихи-өлкетану мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Естеліктің күміс байланысы» көрмесі ашылды. 31 мамыр - сталиндік режим дәуірінде жазықсыз қаза тапқан зиялы қауым өкілдерін, олардың әйелдері мен балаларын еске алу күні. Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – Алжир, Степлаг, Карлаг болды. Республика іс жүзінде бір үлкен түрмеге айналды.

«Жүректегі сандар» көрмесі 03.06.2020

«Жүректегі сандар» уақытша көрмесінде қуғын-сүргінге ұшыраған отбасыларға тиесілі түпнұсқа құжаттар, фотосуреттер ұсынылды. Осы заттардың барлығын бір кездері қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мұражайға тартқан.

"Бенефис увлеченных"  27.05.2020

 

« Знакомьтесь, я -город Рудный»

«Помнит сорок первый , помнит сорок пятый ...»

  

«Ұлы есімдер»

  

Дәріс  «Қазақстанның сакралды жерлеріне саяхат»

Қазақстанның қасиетті объектілерімен танысу, халықтық дәстүр мен        мерекелерді  популилизациялау. Қазақстан ашық аспан астындағы өзіндік музейі болып табылады. Қорғандар, мешіттер, ғибадатханалар, батырлардың жерленген орындары, тас идолдар, ортағасырлық қалалардың кендері – осының барлығы біздің мемлекетіміздің тарихы. Бұл қасиетті орындар адамдарды біріктіріп, біздің ортақ отанымыздың, ортақ тарихымыздың символы.

Рубрика «Краведение»

    

Памятники Рудного 23.04.2020

«Соғыс сәттері мұражай жадында» 05.03.2020

Ұлы Отан соғысы біздің еліміз үшін ең қиын сынақ болды. Ол адамдардың жадында өшпес із қалдырды. Қорқынышты соғыс бірде-бір отбасын айналып өтпеді. Әрбір отбасында бейбітшілік үшін өз өмірін қиғандар, майданда батыл шайқасқандар, тылдағы өмірді қолдағандар, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің тәуелсіздігімізді қорғап жүрген жандар туралы естелік сақталады. Болашақ ұрпақ біздің арғы аталарымыздың ерліктерін еске алып, құрметтеуі біздің қолымызда. Ұлы Отан соғысы туралы мұражай экспонаттары ұрпақтар жадының сақтаушылары болып табылады. Мұражайда «Соғыс сәттері мұражай жадында» көрмесі ашылды, онда белгішелер, ашықхаттар, әскери заттар, шайқастарға қатысушылардың хаттары ұсынылды.

{/spoiler}

Joomla Plugins